Діни әдебиеттерге зерделеу жүргізілді

52

Ересек адамды, оның ішінде қылмыскерлерді тәрбиелеу – күрделі жұмыс. Сондықтан Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемеде сотталғандарды тәрбиелеуде мекеме қызметкерлері жан-жақты, әртүрлі бағытта жұмыс істейді. Соның бірі ретінде теріс ағымға бағыттайтын әдебиеттерді анықтау және айналымнан шығару қолға алынған.

Осыған орай мекемеге Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемасын зерттеу орталығының теолог мамандары Ә. Сабырұлы және Е. Қалжанов келіп, діни кітаптарға зерделеу жүргізді. Зерделеу барысында теріс ағымдарға жатқызылатын кітаптар табылмады.

– Жалпы мұндай шаралар түзеу мекемелерінде жиі ұйымдастырылады. Зерделеу аясында бөтен идеологияның ықпалына түсіруі мүмкін кітаптар анықталып, пайдаланудан шығарылады. Олардың орнына біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптамасынан өткен сотталғандарға оң әсері бар кітаптарды ұсынамыз, – дейді теолог мамандар.

Ғалымжан Калмаханбетов,

әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.