«Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жуалы ауданына білікті теологтар мен дінтанушыларды тарта отырып, ақпараттық-түсіндіру, консультациялық, ағартушылық және оңалту жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Жуалы ауданының орталық және ауылдық мешіттерінде жергілікті жамағатпен ағарту жұмыстары жүргізілді. Мешіт жамағатына бірлікте, татулықта бірізділікте болу керек екендігі түсіндіріліп, карантин жағдайында санитарлық ережелерді, ара-қашықтықты сақтап намаз оқу керектігін және мешіттердегі өкіл имамадардың сөздерін тыңдау қажеттілігі қатаң түсіндіріліп өтілді.
Аталмыш жоба аясында 2021 жылдың 29 қазанында Жуалы ауданында Республикалық ақпараттық түсіндірме тобының діни экстремизм және терроризмге қарсы тұру бойынша маманы, дінтанушы Илимбаев Ризабек Баттаұлының қатысумен конференция өтті
Конференцияның алғашқы кездесуі Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы а.о Б.Момышұлы ауылында өтті. Одан соң Жуалы ауданы әкімдігінің аппаратында аудан мешіттерінің имамдары мен аудандағы діни ахуалға жауапты мамандармен теологтармен кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушылар жергілікте жерде маңызды болып тұрған мәселелерді көтеріп республикалық дін бойынша ақпараттық түсіндірме тобының мүшесінен нақты кеңестерін ала алды.
Сонымен қатар Жуалы ауданындағы сапары аясында Жуалыауданы әкімшілігінде теолог мамандармен Жуалыауданының имамдарымен, жалпы қатысушыларды мемлекеттігі қазіргі жалпы аухуалмен таныстырып, жергілікті жердегі діни мәселелерді талқылады. Конференцияға қатысушылар өздеріне қажетті сауалдарды қойып, діни экстремизм және терроризм алдын алу шаралары туралы сөз қозғалды. Аталмыш семинар діни сауаттылықты жаңартып аудан жұмысына жаңа леп беруіне таптырмас алаң бола алды.