Диқан болсаң – жүгері ек

1 168

Былтырдан бері ауданымыз егіншілік жолын мықтап қолға алғаны белгілі. Оның үстіне аудан басшысы М.Мұсаевтің қолдауымен біршама шаруалар қолдарына кетпендерін алып егін алқаптарынан табылып жүгері егіп мол өнім алғаны баршамызға мәлім. Осы жүгері егумен Бірліктік шаруларда өз нәтижелерін көрсеткен болатын. Биылда өз жерлерін ұлғайтып жүгері, жоңышқа, арпа, тары егуді қолға алған шаруаның бірі Алмабек Әбдіқалықов «Байбарақ-Агро» деп аталатын кооперативінің жетекшісі А.Әбдіқалықовтың айтуынша, былтырғы жылы 25 га жерге жүгерінің «Қаз Будан» (круглы) сортын егіп, гектарына 8,5 тоннадан өнім алған. Ал биылғы жылы 35 гектар жерге «Каз Буданнын» (плоски) сортын ерте көктемнен егіп қойыпты. Қазіргі таңда біршама көтеріліп қалған жүгерісі бітік шыққан. Сонымен қатар кооператив 25 гектар жерге жоңышқа егіпті. Сондай-ақ
А. Әбдіқалықов жоспарында маусым айында 10 гектар жерге тары себетінде айтып, «Еңбек түбі береке» тек ерінбеу керек деді. Коопертив 1 трактор,1 тұқым сепкішпен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда кооперативтің техникалары өзгеде шаруалардың жерлерін жыртып, жүгерілерін себуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.