Диетолог бүйрекке пайдалы тағамдарды атады

195

Дәрігер-диетолог, ұлттық диетологтар қауымдастығының мүшесі, медицина ғылымдарының кандидаты Дарья Русакова бүйректің қалыпты жұмыс істеуіне ықпал ететін өнімдерді атады.

Маманның айтуынша, бүйрекке ең пайдалысы — өсімдік.

«Бүйрекке жемістер, көкөністер, ақжелкен, аскөк, балдыркөк сияқты шөптер, сондай-ақ, құлпынай, таңқурай секілді жемістер және көп сұйықтыққа бай көкөністер қияр, кәді, асқабақ пайдалы», — деді Дарья Русакова.

Диетолог бүйрекке ақуызды тағамның көп мөлшері зиян екенін ескертті.

«Бүйрек ағзаны тазарту қызметін атқарады, артық сұйықтықты, зат алмасу өнімдерін шығарады. Сондықтан майлы ет пен балықты көп жеуге болмайды. Олар ағзаның жұмысына зиян келтіруі мүмкін», — деді ол.

massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.