Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы жетінші шақырылған аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан басшысы экс-депутаттарға атқарған жұмыстары мен қоғам үшін жасап жатқан игіліктері мен белсенділіктері үшін ризашылығын жеткізді.
Сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар халық қалаулыларын аудан басшысы Алғыс хатымен марапаттады.
Кездесуге аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, «Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мадияр Сәмбетов және аудан әкімінің орынбасарлары қатысты.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 19 қаңтары күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтаған болатын.