Данияр Ақышев маусымда теңгенің не үшін әлсірегенін айтты

1 140

Мұнай бағасының 70 доллардан жоғары сақталуы —  теңгенің айырбас бағамы үшін жағымды фактор. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев айтты.

«2018 жылғы І-жартыжылдықта теңге бағамы 1 доллар үшін 318,31-341,31 аралығында өзгерді. І-жартыжылдықтың соңында теңгенің биржалық бағамы 2,6 пайызға әлсіреп, бір доллар үшін 341,08 теңгені құрады. Теңгенің ағымдағы жылғы маусымда әлсіреуі бірінші кезекте АҚШ долларының дамушы елдердің валюталарына жалпы нығаюына және АҚШ ФРЖ пайыздық мөлшерлемесінің өсуінен дамушы нарықтардан капиталдың әкетілуіне байланысты», — деді Данияр Ақышев.

Сонымен қатар ол Ресей рублі де шамалы әлсірегенін атап өтті. «Мұнай бағасының 70 доллардан жоғары сақталуы — теңгенің айырбас бағамы үшін жағымды фактор»,- деді Ұлттық банк төрағасы.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.