«Дана-дель» мамандары сұранысқа ие

566

Елдегі жұмыссыз азаматтардың санын азайту мақсатында мемлекет тарапынан қабылданып жатқан бағдарламалар жетерлік. Соның бірі – «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» бағдарламасы. Облыста аталған бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың бірі-жұмыссыздарды қысқа мерзімді курстардан өткізу. Мақсат – жұртшылықты жұмыспен қамти отырып, жұмысшы мамандығына деген сұранысты қанағаттандыру.

Осы бағдарлама бойынша сәуір айында 30 азаматша қысқа мерзімді курсқа қабылданыпты. «Дана-Дель» оқу орталығында 29-ы үш айлық оқу курсын аяқтаған. Олар оқыту курсының талабына сай киім тігу ісімен қоса, қолөнердің сан түрінен сабақ алған. Осы іске машықтанған білім алушылар өз қабілеттерін емтихан тапсыру арқылы дәлелдеді.

Тараз қаласы әкімдігінің  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы ГауҺар Олжабева мен Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Ерқанат Кенесбековтердің айтуынша, бағдарлама бойынша білім алып жатқан маман иелерінің болашағы зор. Аталмыш оқу орталығы жұмыссыз жүрген жандарға берілген үлкен мүмкіндік. Қысқа мерзімді кәсіптік оқу курсына қатысқандар тігінші мамандығын игеріп шығады. Олар өндірістік тәжірибиеден де өтеді. Соның нәтижесінде аталған оқу орталығы 4 мекемемен келісім шарт жасасыпты.  Бүгінде 6 адам «Асыл-ай» тігін фирмасына, «Әлия» ательесіне 2 адам, «Жадыра» ательесіне 1 адам, сондай-ақ, «Дана-Дель» тігін цехына 5 адам жұмысқа тұрған.

Назерке ТӨЛЕН

Leave A Reply

Your email address will not be published.