Биыл Жамбыл облысында 47 млрд. 412 млн. теңгеге тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жұмыстары жоспарланған

518

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен мемлекеттік сатып алулар және қабылданған міндеттемелердің жай-күйі туралы жиын болып өтті, — деп хабарлайды «Аrainews.kz» ақпараттық агенттігі. 


Биыл Жамбыл облысында 47 млрд. 412 млн. теңгеге тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жұмыстары жоспарланған.
Осы орайда, аймақ басшысы Асқар Исабекұлы бүгінгі күннен бастап Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінде, облыс әкімдігіне қарасты басқармаларда мемлекеттік сатып алу жұмыстарына байланысты мониторинг басталатындығын баса айтты. Зерделеу жұмыстарына облыс әкімдігінің қаржы, сондай-ақ экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары жауапты болып бекітілді.
Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың бүгінгі күніне дейін облыста 32 млрд. 709 млн. теңгеге сатып алу жұмыстары жүргізілген болса, оның 14 млрд. 703 млн теңгесі мақсатты игерілмеген. Оның ішінде тауарлар бойынша жүргізілмеген сатып алулар сомасы – 5 млрд. 406 млн. теңге болса, жұмыстар мен қызметтерді сатып алулар бойынша – 9 млрд. 297 млн. теңге. Аймақ басшысы жауапты басшыларға аталған қаржыны жыл соңына дейін игеруді қатаң тапсырды.
Сонымен қатар, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша биылғы жылға 44 млрд. 781 млн. теңгеге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жүргізілуі жоспарланған болса, бүгінгі таңда 31 млрд. 509 млн теңге мақсатты жүргізілген. Ал 13 млрд. 271 млн. теңгеге сатып алулар жүргізілмеген.
Өз кезегінде Асқар Исабекұлы салалық басқарма басшыларын жеке-жеке сын тезіне алып, жыл соңында дейін мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржыларын жүйелі жұмсап, мақсатты игеруді ескертті.
Сәйкесінше, жоғарыда айтылған олқылықтар мен атқарылған жұмыстарды тікелей жеке бақылауына алатындығын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.