Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған шара

153

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Т. Султанова облыс әкімдігі білім басқармасына қарасты «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында» өткен іс-шараға қатысты.

Отбасы күніне орай ұйымдастырылған шараның мақсаты — дене шынықтырумен спортқа деген сүйіспеншілік, салауатты өмір салтын насихаттау, отбасыларымен өзара байланысты қалыптастыру болып табылады.

Шараны салтанатты түрде ашқан ювеналдық соттың судьясы Т.С.Сұлтанова ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» деп белгіленгенін айтып, мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бұл күні «Жас Ұлан», «Шаңырақ» және «Тұлпар» командалары өзара бақ сынасты. Тартысты өткен жарыстың нәтижесінде «Шаңырақ» командасы үздік деп танылды. Жүлделі ІІ орын «Жас Ұлан» құрамасына бұйырса, ІІІ орынға «Тұлпар» командасы жайғасты.

Іс-шара соңында жеңімпаз командаға диплом мен құнды сыйлықтар табыс етілді.

Сабыр БОЛАТ,
Тілші

Leave A Reply

Your email address will not be published.