«Спорт денсаулық» атты қыздар арасында волейболдан жарыс өткізілді

147

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа баулу мақсатында Тараз қаласы аумағында орналасқан «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі қабырғасында «Спорт денсаулық» атты қыздар арасында арасында волейбол ойындарынан турнир өткізілді. Турнирге облыс аумағындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, жастар қатыстырылды. Турнирге «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің спортшы мамандары төрелік жасады. Турнирдің мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа баулу. Турниге жалпы саны 7 команда қатысып, «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің «Тұмар» командасы жеңіске жетті. Жүлделі екінші орынды М.Х.Дулати атындағы ТАраз өңірлік университетінің «АСК» құрамасы жеңіп алса, үшінші орында «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің «ЛД» командасы қанағат тұтты.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.