Турнирдің топтық кезеңі ойыны өтуде. Алғашқы болып ойын көрсеткен «Жамбыл» — «Блогерлер» арасында ойын аяқталды.
Тартыс ойын көрсете білген «Блогерлер» 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Келесі матч «Тараз-Пресс» және «Тұран» Алматы облысы арасында өтпек.
Еске сала кетейік, 30 тамыз – Конституция күнінде Тараз төрінде облыс әкімінің кубогы журналистер арасында турнир өтетінін жариялаған болатынбыз.