«Бізден бір рет те ақша алған емес»: Алматының су жаңа әкімі жасы 80-нен асқан анасы туралы

107

Алматы қаласының су жаңа әкімі Дархан Сатыбалды жасы 80-нен асқан анасының өзінен ешқашан ақша сұрамағанын айтып, мақтанды.

Ол анасының саудамен шұғылданып, тіпті Дубай, Түркияға өз ақшасына саяхаттайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әкімнің мұндай сырын продюсер Арман Дәулетияров білген.

«Анам менің мотиваторым. Бәрі айтады: «Сен өмірде қандай кітап оқисың?» деп. Маған оқулық керек емес. Анамның өмір тәжірибесі — менің мотивациям. Себебі, биыл 80-ге келді, биыл 80 жылдығын жасадық. 80-ге келгелі бері, мен әкіммін, басқа бизнесмен балалары бар ғой. Бір рет те, өмірінде бізден ақша алған емес.

Берсек, принципиально алмайды. 80-ге дейін өзі әлі жұмыс істейді, өзінің бутигі бар. Сауда жасайды. Мереке күндері сауда жақсы болады деп, өзі саудаға шығады. «Каспийді» үйреніп алдым дейді. «Оптовиктерге» звондаймые дейді, сосын мынадай тауарларға тапсырыс беремін дейді.

Сосын «оптовиктер» дүкенге әкеліп тастайды дейді. Сосын сатушы жас қызым бар дейді, сатушы телефонмен есебін береді дейді. Өзім каспиіммен оптовиктерге ақшасын аударамын дейді.

80-ге келіп бізден әлі бір рет те ақша алмаған. Түркияға, Дубайға барады өз ақшасына. Мен үйге көшсем біледі менің алмайтынымды, балама тастап кетеді. Балаңа дейді, саған емес дейді.

Сонда мен сұраймын ғой: «Қанша табасыз? Ақшаңыз көп пе?» деп. «Көп» дейді», — деп күлді ол.

«Бізден бір рет те ақша алған емес»: Алматының су жаңа әкімі жасы 80-нен асқан анасы туралы

Instagram/Арман Дәулетияров

Leave A Reply

Your email address will not be published.