Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Кеңгірбай би көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің аумағына барып, қасбетін жөндеу жұмысының жүргізілу барысымен танысты.

Қасбеті жөнделіп жатқан үйдің тұрғындары атқарылған жұмысқа ризашылықтарын жеткізді.
«Бұл үйде 40 жылдан бері тұрып келемін. Үйдің қасбеті ешқашан жөндеу көрмеген болатын. Жұмысшылар өте сапалы істеді. Семейіміз күннен күнге ажарланып келеді. Алғыс айтамыз», – дейді Кеңгірбай би көшесінің тұрғыны Гүлнәр Жетімекова.
Облыс әкімі қасбеті жөнделіп жатқан үйді көріп, қала келбетін жақсарту бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін айтты.

«Бұл үй қаламыздағы негізгі көшелердің бірінің бойында орналасқан. Жұмыс сапалы атқарылыпты. Алдағы уақытта жөнделелетін үйлер де осы үлгіде болуы тиіс. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет. Қаланың келбеті әсем кейіпке енеді. Тұрғындардың да көңіл-күйіне жақсы әсер етері сөзсіз», – деді Берік Уәли.


АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ