Сарысу ауданында алғашқы 6 айда ауыл шаруашылығында өндiрiлген өнiм ағымдағы бағалармен есептегенде 2487,5 млн.теңгенi құрады, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.
Оның ішінде, мал өнімі – 2472,1 млн. теңге, егін шаруашылығы – 0,5 млн.теңгеге жетіп, 104,0 пайызға орындалған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңінд 2 373,2 млн.теңгені құраған еді.
Аудан бойынша биылғы жылы дәнді дақылдар, көкөністер, бақша өнімдері мен 2-3 жылдық, көп жылдық шөпті қосқанда барлығы 19 696 гектар егістік жер игерілген. Ал, 2017 жылы сарысулық диқандар 18 390 гектар алқапқа егін еккен еді.
Бұл саланы дамытуда Үкімет тарапынан үлкен қолдау бар. Мұны тиімді пайдаланып отырған аудан шаруалары лизинг арқылы техника алуға ден қойып отыр.