Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың кемшіліктері туралы айтты.
Оның айтуынша, жүйеде нормативтер мен цифрландыру жоқ, ал клиникалық хаттамалар мен стандарттар анық емес.
«Тағы бір дәлел, бұрын остеохондрозды рентгенсіз де анықтайтын. Кейін рентген қолданыла басталды. Жарайды, дұрыс. Ал енді қазір остеохондрозды анықтау үшін бір науқасқа рентген, одан кейін КТ, сосын МРТ және басқа да қосымша тексерулер тағайындалады. Бұның бәрі ақша табудың «заңды» жолы. Себебі айтпаса да түсінікті. Неғұрлым көп қызмет көрсетілсе, клиника соғұрлым көп пайда табады. «Осындай бейберекетсіздік біреуге тиімді болып отыр ма?» деген ойда қаласың», — дейді Мәжіліс депутаты.
Фото: ulysmedia.kz
https://buginmedia.kz/1239/bir-adamny-82-tisi-emdelgen-deputat-m-ms-tegi-byly-tar-turaly-aytty?fbclid=IwY2xjawIE0NhleHRuA2FlbQIxMQABHTpLJZsJI6cXaa6I7DgtGGeLV8nfl_vZrgCi26uKB40l26Eg9h3k5f9-EQ_aem_JI_z1hFp45AgSaSfGdwp5w