Білім саласындағы мәселелер талқыланды

81

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Дәмеш Ускумбаевамен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылады.

Кездесуде аймақ басшысы департаменттің қызметімен танысып, өңірдегі білім беру ұйымдарының желісі мен жағдайын саралады.

Бүгінде облыс бойынша мемлекеттік 445 мектеп болса, оның шінде 50 бастауыш, 33 негізгі орта, 362 жалпы орта оқу орны бар.

Аймақ басшысы білім берудегі сапаны арттыра отырып, апатты жағдайдағы және орын тапшылығы бар, үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу – басты талап екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу, профилактикалық бақылау шараларының қорытындылары, жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамту, ыстық тамақ беру, кадр саясаты мәселелері де назарға алынды.

Облыс әкімі бұл мәселелердің барлығы білім беру сапасын арттыруда айрықша маңызға ие екендігін жеткізді.

— Мемлекет басшысы тапсырған адам капиталын дамытуға баса мән беруге тиіспіз десек, бұл тұрғыда білім саласына баса көңіл бөлінуде.

Бізге алдымен саладағы мәселелерді анықтап алуымыз қажет. Сонда ғана оларды өзектілігіне қарай рет-ретімен шешуге мүмкіндік туады.

Аймақ басшысы ретінде облыс орталығы мен аудандарға жұмыс сапарымның барысында білім мекемелерін міндетті түрде аралап, жағдайымен танысып жүрмін. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырамыз,-деп түйіндеді Ербол Қарашөкеев.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.