Білікті маман даярлау үшін бірлесе жұмыс істеу тиімді

219

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тексеру департаментінің басшысы Қайрат Бектембаев пен Дулати университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Талғат Ешенқұлов жоғары білім беру ісінде өзара ықпалдастықты арттыру мақсатында екіжақты меморандумға қол қойды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі қашанда өзектілігін жоймайды. Кез келген істің басында адалдық принциптері тұруы, жұмыс ашық, жариялы түрде жүргізілуі тиіс. Әсіресе, бұл жоғары білім беру саласы үшін аса маңызды принцип. Осы ұстанымды білім беру ісіне енгізу әрі маман даярлау ісінде сапаға қол жеткізу мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті аталған департаментпен бірлесе жұмыс жүргізуге мүдделі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым жүйелерін жетілдірудің маңыздылығын айтып, тиісті тапсырмалар бергені мәлім. Президент тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі органдары мамандар даярлығын жақсарту және кадрлық әлеуетінің сапасын арттыру үшін өзара бірлесіп, күш-жігерді біріктіру қажет деп санайды.

2

– Екіжақты келісім арқылы өзара ықпалдастықты арттыру, экономикалық тергеу мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды оңтайландыруды көздедік. Дулати университетінде әртүрлі сала бойынша мамандар даярланады. Соның ішінде экономика, қаржы саласы бойынша маманданған түлектер өңірдегі қаржылық ұйымдарда қызмет етіп жүргенін айта кету керек. Көпшілігі қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойына салалық мекемелерге жұмысқа орналасады. Ал біз даярлаған кадрлардың жұмыс берушінің талаптарына сай болуы тиіс. Сондықтан білікті маман даярлау үшін бірлесе жұмыс істеу тиімді. Сондай-ақ меморандум профессор-оқытушылар құрамының ары қарай біліктіліктерін арттыру ісінде де нақты тәжірибе алмасу алаңын құруды да мақсат еттік.

Әрине, ең бірінші кезекте көлеңкелі экономикаға жол бермеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес алдыңғы орында тұрады. Біздің университеттің негізгі принциптерінің бірі – академиялық адалдық, жалпы адалдық принциптарын енгізу. Міне, осы бағыттарда кең ауқымда атқару үшін осындай екіжақты келісім жасап отырмыз, — деді Талғат Ілиясұлы.

Облыс бойынша Экономикалық тексеру департаментінің басшысы Қайрат Бектембаев сапалы кадр даярлау мәселесіне қатысты пікірін білдірді. Мекемедегі бос жұмыс орындары бойынша университет түлектерін жұмысқа тартуға дайын екендіктерін жеткізді.

4

Жалпы қос тарап екіжақты келісім жасай отырып, өзара іс-қимылды күшейту мақсатында және білім және ғылым саласындағы өзара тиімді стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мен дамытуды көздейді. Бұл қадам өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретінін де айта кеткен жөн. Білім беру, кадрларды қайта даярлау ісінде бірлескен жобалар, бағдарламалар, курстар, семинарлар ұйымдастырылады.

Дулати университеті мен аталған департамент басшылығы қолданыстағы тәжірибені негізге ала отырып, тең құқықтық, ашықтық, ізгі ниет, құрмет пен сенім негізінде ынтымақтастықты іске асыруға ниетті.

Меморандумда көрсетілген келісімдер мен принциптерді іске асыру процесі Қазақстан Республиканың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3

Leave A Reply

Your email address will not be published.