Бейнет түбі – зейнет

223

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық екені айқын. Дана халқымыз «мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтыңанасы»  деп бекер айтпаса керек-ті. Өйткені ұстаз  алдынан  тәрбиеалмайтын  жан  жоқ.

Әр баланың бойына жаққан шамшырақ өмірлік азық болады. Бұл ретте балаларға  берген білім  мен тәрбие – тылсым өмірді тануға жасаған алғашқы қадамы.

Жас шыбықты қалай исең, солай өсетіні секілді бала болашағына айрықша септігі тиетіні сөзсіз. Бұл жаңа үй тұрғызар алдында іргетасын мықтап қалаумен пара-пар. Расында, баланың шамшырағын дұрыс жаға білген жандарға  құрмет мол, ілтипат ерекше.

Бүгінгі балалар мен қонақтарға ерекше әсер сыйлаған жиын Алғабас орта мектебінің директоры Д.Зунимов пен «Ақбөпе» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Б.Таңатарова апайды зейнет демалысына шығарып салуға арналды.

Ұлағатты ұстаздарымыз осы салада абыройлы жұмыс жасады. Ұстаздық ұлы жолды таңдаған асыл жандар әр үйдің еркесін тәрбиелей білген мейірімді ұстаздарымыз білім ошағы мен балабақшадағы жас мамандарға да білгенін үйретіп отырады.

Салтанатты әріптестері құттықтау сөз сөйлеп, қимастықпен жылы лебіздерін білдіріп,  ұстаздар мерейін арттыра түсті.  

Осы салтанатта қос еңбектері еселі жандарды құттықтап, қазақтың жөн-жоралғысына сай арнайы сый-сияпат көрсетілді.

Өз кезегінде :

— Әрбір еңбек адамы зейнет жасына жеткенде әріптестері зор құрмет­пен, ыстық ықыласпен салтанатты түрде зейнеткерлікке шығарып салса, ол адам үшін одан асқан қуаныш жоқ. Бұл құрметті ұзақ жылғы еңбек пен ізденістің жемісі деп бағалауға болады. Осындай еңбекті елеп, ескеріп, бағалап жатқан сіздерге мың алғыс. Қашанда сіздермен бірге, ақыл көмек қажет болса еңбек етуге әзірмін,-деп Алғабас орта мектебінің директоры Д.Зунимов  ағынан жарылды.

Содан соң «Ақбөпе» бөбекжай бақшасының меңгерушілігінен зейнетке шығып жатқан азаматша:

– Бұл күн мен үшін ерекше есте қалмақ. Білім беру саласында және өздеріңіздей жандармен қызметтес болғаным үшін шын қуанамын. Аудандық білім бөлімі мен ұжымыма аналық алғысымды білдіремін. Ұрпақтарымыз мың жасасын, – деп ізгі лебізін білдірді.

Жиын соңында ұстаз құрмет көрсеткен әріптестеріне шынайы ризашылығын білдірді.

Мақсат Арапұлы Қазанғапов, Талас ауданы білім бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.