«Бейбітшілік пен келісім» ұйыстырар ел ішін

148

Облыс әкімінің бекіткен «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында 2021 жылдың 4-6 наурыз аралығында Шу ауданының Қорағаты, Ақтөбе, Балуан Шолақ, Шоқпар ауылдарының жастарымен және №10 Шу колледжінің студенттерімен кездесулер ұйымдастырылып, жастарға қатысты мемлекеттік бағдарламалар және мемлекеттік қолдау тетіктері, сондай-ақ құқықтық, психологиялық, әлеуметтік бағыттар бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауыл жастарына «Дипломмен ауылға», «Серпін», «Тұрғын үй» мемлекеттік гранттар, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламалар кеңінен насихатталды.

Кездесу барысында жастар арасындағы жұмыссыздық, спорт және мәдени кешендердің жоқтығы, шалғай ауылдардағы интернетке кірудің қиындықтары, «Жасыл ел» еңбек жасақтары мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыссыз, NEET жастарын мерзімдік жұмыспен қамту, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қысқа мерзімдік кәсіптік курстарына оқыту сынды бірқатар мәселелер талқыланды.

Топ мүшелері өзге ұлт өкілдерінің жастары арасында облыстағы этносаралық және конфессияаралық келісімді, ұлтаралық татулықты нығайту, әлеуметтік және өзге де мәселелерді анықтау, мемлекеттік жастар саясатын насихаттау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сауалнамалар алынды.

Сонымен қатар ауыл жастарын толғандыратын ұсыныстары жинақталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.