Бердібек Сапарбаев: Басты талап – әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу

298

Жамбыл облысының әкімі Бердібек  Сапарбаев Тараз қаласындағы базарлардың жай күйімен танысты.

Бірқатар азық-түлік сауда орындары мен қаланың әлеуметтік нысандарын аралады.

Аймақ басшысы әуелі «Ауыл береке» базарында болып, халық жиі тұтынатын азық-түлік түрлерінің сапасымен, бағасымен танысты. Сатушылар мен сатып алушылармен тілдесті.

Бердібек Сапарбаев қала әкімінің назарын таяу арада шешімі табылуы керек бірқатар мәселелерге аударды. Оның ішінде сауда орындарының дұрыс орналаспауы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы, асфальттанған автотұрақтардың болмауы, базар аумағынан көліктің жөнсіз қозғалысы, базар сөресінде жергілікті тауарөндірушілердің өнімдерін көбейту сынды мәселелер де айтылды.

«Базар аумағы мен сауда қатарлары жоғары эстетикалық талғамға сай келуі керек. Күн сайын мұнда біздің қаланың мыңдаған тұрғыны келеді.Сондықтан базар да өрт қауіпсіздігі ережелері сақталғаны жөн. Сондай-ақ сатып алушылар мен сатушыларға да оңтайлы жағдай жасауға баса назар аудару маңызды», деп атап өтті Сапарбаев. Тауар бағасы тұрақтылығына баса назар аударып, күнделікті тұтынатын тұрмыстық заттардың қымбаттамауын қадағалауды тапсырды.

Өңір басшысы базардағы ветеринариялық зертхананы аралап көріп, санитарлық-ветеринарлық бақылау қызметінің сапасын арттыру қажеттігін атап өтті.

Қаладағы әлеуметтік базарды аралау кезінде омарташылар бал өнімдерін өткізу мәселесін көтерді. Облыс әкімі жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өңдеушілерге қолдау көрсетіп, жоғарыдағы мәселенің өз деңгейінде шешілуіне ықпал етуге уәде берді.

«Small» сауда орталығында болған өңір басшысы азық-түлік тауары түрлері мен бағаларын салыстырып көрді. Оған қоса Бердібек Сапарбаев олимпиада резервтерін даярлау орталығында да болып, спортзалдары мен киім ауыстыру бөлмелерін аралады. Жаттығу барысын және спортшылардың тұрмыс жағдайын көзбен көрді. Өңір басшысы жас гимнастшілер мен сөйлесіп, оларға жаңа жеңістер тіледі.

Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясын аралап көрген Б.Сапарбаев білім ордасы басшылығының назарын оқушылардың сабақтан тыс уақыттарын тиімді ұйымдастыруда оларды спорттық, шығармашылық, мәдени үйірмелерге тарту қажеттілігіне назар аударды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.