8 тамызда Ташкент қаласының Мирзо-Ұлықбек ауданында ер адам бүлдіршіндерге «тиісіп» жүрген жерінен видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Nova24.uz порталына сілтеме жасап. Ер адам бейтаныс қыздың қасына отырып, оны еркелетіп, сүйе бастайды. Видеода не болып жатқанын түсірген бірнеше қыз жағдайдың куәгерлі болған. Ер адам көшеде бейтаныс қыздың қасына отырып, оны басынан сипай бастады, содан кейін оны күштеп сүйді. «Ата-аналар бұл қыздың мүдделерін қорғамайды. Мүмкін мемлекет қоғамды осындайлардан қорғайтын шығар? Бұл 16, тіпті 14 жасқа толмаған адамға қатысты азғындық әрекеттер. Егер сіз оны қазір тоқтатпасаңыз, оның келесі құрбаны кім болады?»,- делінген «Не молчи» қоры таратқан хабарламада.
Ойнет жаңалықтар сайты: https://oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=53820&fbclid=IwAR32Wy5vS8DKvh1xKSrpOxHNGfpm6DvcwswegRYdLb37XUeJnV3onU53hKw
© Oinet.kz