Байзақта көкөніс сақтайтын 15 қойма бар

230
Байзақ ауданында жалпы егістік жердің көлемі 59790 гектарды құраса, оның 29549 гектары суармалы жер.
▪️Биыл аталған жерге 1825,2 гектарға пияз, 8730 гектарға күздік бидай, 12790 гектарға жаздық арпа, 5704 гектарға көкөніс, 2010 гектарға дәндік жүгері, 1400 гектарға майлы дақыл, 1000 гектарға қант қызылшасы, 1800 гектарға бақша, 700 гектарға картоп егілді.
Аудандағы 14 округтің диқандары 1825 гектар жерге пияз егіп, одан 77576 тонна пияз жинады. Сондай-ақ қызылша, сәбіз, картоптанда айтарлықтай өнімге қол жеткізілді. Өсірілген өнімнің барлығын суық, жауын-шашынға ұрындырмай, жиын-терінді дер кезінде сапалы аяқтады.
✅Аудандағы суармалы егістікпен көп айналысатын округтердің бірі- Бурыл ауылдық округі диқандары. Биыл аудан бойынша 1825,2 гектар жерге пияз егілсе, оның тең жартысын бурылдықтар еккен. Олар 900 гектар жерден 38250 тонна пияз жинады. Картоп, сәбіз, қызылша, дәндік жүгері, көкөніс, бақша дақылдарынан да мол өнімге қол жеткізді.
Ауданда жеміс-көкөніс сақтайтын 15 қойма бар. Олардың аумағы 17625 шаршы метр болса, сыйымдылығы 29540 тонна.
Бірнеше бөлмеден тұратын қоймалардың 1000 тонналығына тоңазытқыш орнатылған. Онда бүгінгі күнге 600 тонна сәбіз, 200 тонна картоп, 100 тоннадан астам қызылша сақтауға қойылған. Ал ішкі бөлмелері екі қабаттан тұратын жай қоймаларда 3000 тонна пияз сақтауға қойылыпты.
☑️Қоймалардағы өнімдерді қарап, қадағалап отыру үшін 10 адам жұмысқа тартылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.