САҚ ТАЙПАЛАРЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?

352
Сақтар Қазақстан жерінде қалыптасқан ең алғашқы тайпалық одақ. Сақтар туралы жазба деректер Геродоттың еңбектерінде кездеседі.
Ежелгі грек авторлары сақтарды скифтермен ұқсастығына орай «азиялық скифтер» деп атаған.
Иран жазбаларында сақтар «Жүйрік атты турлер», «Құдіретті еркектер» деп атаған.
Сақтар б.з.д. VII-IV ғ.ғ Қазақстан жерінің негізгі бөлігін мекендеген.
Ғалымдардың пікірінше сақтар 3 топқа бөлінген. Олар тиграхауда сақтары, парадария, хаомаварга.
Тиграхауда сақтары (шошақ бөрікті сақтар) Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мекендеген.
«Теңіздің ар жағындағы сақтар» – парадария тайпасы Арал теңізінің Сотүстік-Шығысы мен Орталық Қазақстанда мекендеген.
Хауома сусынын дайындап пайдаланатын сақтар (хауомаварғалар) Амудария өзенінің жағалауын, Мұрғаб аңғарын мекендеді.
Персепольдағы Ксеркс сарайының барельефтерінде шошақ бөрікті сақтардың суреті бейнеленген.
Әзірлеген: Нокусова МЕРУЕРТ
Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының ғылыми қызметкері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.