Байзақта «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы басты назарда

191
Бүгінде, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында, аудан көлемінде бірқатар нысандардың құрылысы мен жөнделуі қазіргі таңда өз деңгейінде атқарылып келеді. Түрлі сала бойынша жүріп жатқан мұндай жұмыстардың ішінде көкталдықтардың игілігі үшін қызмет ететін мәдениет үйі де бар.
Жұмыс барысында Көктал ауылындағы күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан мәдениет үйінде болдым.
Мердігер «ГрадСтрой Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Жұман Құлшыманов, тапсырыс беруші аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықов ондағы атқарылып жатқан жұмыстарды жеткізді.
Мердігерге алдағы келе  жатқан сайлау науқанына байланысты жұмысты жеделдету әрі құрылыстың сапасына ерекше көңіл бөлу керектігін ескерттім.
Сондай-ақ, осы ауылда бой көтеріп жатқан 600 орындық жаңа мектепке барып, ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстым.
Мектеп асханасы, спорт зал, оқу кабинеттерін араладым. Құрылыс барысына қатысты тиісті мердігер мен мектеп басшылығына тапсырмалар бердім.
Бақыт Алпысбайұлы, Байзақ ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.