«Батырларға тағзым»

149
Жеңіс мерекесі қарсаңында «Ембімұнайгаз» АҚ басқару аппаратының ұжымы және интернационалист жауынгерлер «Азалы Ана» мемориалының жанына жиналды. Ембіліктер алдымен, майданнан оралмаған боздақтар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін үнсіздікпен еске алып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Жыл сайын қалыптасқан дәстүрге сай ерлік мерекесі қарсаңында «Ембімұнагаз» АҚ қызметкерлері ардагерлердің майдандағы ерлік істері мен тылдағы ерлікке пара-пар еңбектері үшін алғыс айтып, бас иеді.
Сұрапыл соғыс жылдарында жеңісті жақындатуға ембілік мұнайшылардың қосқан үлесі зор.
Жоспарды артығымен орындап, майданға мұнай жөнелту ісіндегі олардың қайсарлық пен отансүйгіштіктің үлгісіндей болған еңбек ерлігі жадымызда мәңгі сақталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.