Жауапкершілікті арттыру мәселелері талқыланды

60

«Білім» кәсіби гуманитарлық — техникалық колледжі студенттеріне арналған «Академиялық адалдық қағидаттары және оларды сақтау жолдары» тақырыбында мазмұнды дәріс өтті.
Дәрісті Әділдік жолы РҚБ Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Назима Дәрменқызы оқыды.
Кездесу барысында студенттер академиялық адалдықтың маңыздылығы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, білім алу процесіндегі әділдік қағидаттары туралы кеңінен ақпарат алды. Сонымен қатар, өз бетінше жұмыс істеу, плагиаттан аулақ болу және жауапкершілікті арттыру мәселелері талқыланды.
Осындай танымдық іс-шаралар жастардың саналы, әділ әрі білімді тұлға болып қалыптасуына үлкен үлес қосады.
Аталған дәріс «Адал қоғам» ҚБ ұйымдастыруымен өтті.
#АкадемиялықАдалдық #ӘділдікЖолы #Жастар #Білім

Leave A Reply

Your email address will not be published.