БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ ALTYNSARIN INSTITUTE-ДА ТҮРКИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАР ДӘРІС ОҚИДЫ

82

Білім беру және ғылыми процестерді интернационалдандыруды арттырудың негізгі индикаторының бірі өзге мемлекеттердің жетекші жоғары оқу орындарынан шетелдік профессорларды тарту болып табылады.

Осы мақсатта Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ-на «Шақырылған шетелдік ғалым» бағдарламасы аясында ағымдағы оқу жылында кезекті ғалымдар Түркиядан келді.

Nigde Ömer Halisdemir University-нің қос профессоры Hikmet Koraş пен Ekiz Mehmet өз тәжірибелерімен бөлісіп, Altynsarin Institute-ның «Педагогика және филология», «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің студенттеріне дәріс оқиды.

Айта кетейік, Hikmet Koraş Нигде Омер Халисдемир университетіндегі «Түркі Әлемі зерттеулері» орталығының басшысы және «Қазіргі түркі тілдері және әдебиеттері» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. Профессор Ekiz Mehmet түріктердің мәдениеті, тарихы бағытында зерттеулер жүргізеді және аталған университеттің «Өнер тарихы және археология» кафедра меңгерушісі.

Басқарма Төрағасы – Ректор Ержан Әмірбекұлы шетелдік ғалымдармен кездесу барысында білім беру процесіне шетелдік мамандарды тарту оқыту сапасын жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

«Профессорлармен тәжірибе алмасу бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және ғылыми зерттеулер жүргізуге оң әсер етеді. Біздің оқу ордамыздағы сапарларыңыз аяқталғаннан кейін бізде бірлескен жобалар бойынша жаңа идеялар пайда болатынына сенімдімін. Біз серіктестікті кеңейтеміз» — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Түркиядан келген ғалымдар меморандум аясында бір ай ішінде ЖОО студенттерімен өз білімдерін бөлісетін болады.

 

 

 

Altynsarin institute

Маркетинг және коммуникация бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.