Алматы қалалық ТЖД барахолка базары маңындағы өрт оқшауланғанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Алматылық өрт сөндірушілердің күшімен 2 250 шаршы метр аумақтағы өрт оқшауланды» деп жазды ведомстводан.
Айта кетейік, таңғы сағат 7:16 шамасында өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Москин, 7В мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыртуға шыққан болатын. Оқиға орнында жедел штаб және бірнеше өрт сөндіру учаскесі құрылды. Өрт сөндірушілер ангар типті отқа оранған қоймаларды сөндірді.
«Қоймалардың қабырғалары металлдан жасалған, жоғары температура салдарынан құрылымдардың құлау қаупі бар. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеуде. Москин көшесі, 7а мекенжайында көрші қоймаларды сөндіруге және қорғауға оқпандар енгізілді», – деп хабарлады ведомстводан.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.