«Halyk пен Qazkom-ның бірігуінің аса күрделі процесінің аяқталғанына бір жыл болды. 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында Банк клиентке бағдарлау, клиенттерге қызмет көрсету сапасын және технологиялылығын арттыратын цифрлық сервистер мен үрдістердің әрі қарай дамуына, транзакциялық банкингтің мүмкіндіктерін кеңейтуге назар аудара отырып, Топтың жаңа даму стратегиясын жүзеге асыруға шоғырланғанды болатын. Осыған орай, қаржы ұйымының жылдың алғашқы жартысындағы жаңалықтарымен және клиенттеріне арналған ерекше ұсыныстарын жеткізу мақсатында банктің облыстық филиалының қызметкерлері Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінде болып, қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жиында банк саласының мамандары Істелген жұмыстың нәтижесі есепті кезеңде базалық қаржы көрсеткіштерінің тұрақты өсімі, кредит қоржынының сапасын арттыру, халықаралық рейтингтердің өсуі болды, бұл қаржы институты дамуының сындарлы бағытын тағы бір рет растап отырғанын айтты. Сондай-ақ, ұзаққа созылған позитивті тренд жаңа дивидендтік саясатты бекітуге мүмкіндік берді, бұл HalykBank акциялары мен ЖДҚ-ның баға белгіленуінің өсуіне жағымды әсер еткенін жеткізді.
Жиын барысында банк қызметкерлері HalykBank-тің жалақы карталарын тұтынушыларға арналған ерекше жаңалығымен де бөлісті. Атап айтқанда, олар бөліп төлеу арқылы сатып алуға арналған Halyk Light карточкасын таныстырды. Аталған корточка арқылы банк клиенттері 12 айға дейінгі мерзімде 0 пайыздық мөлшерлемемен бөліп төлеуге банктің 32 серіктесінен кез келген тауар сатып ала алады. Сондай-ақ, карточканы алған сәттен 1 айдың ішінде 3 пайыз Cash Back тағайындалған. Бөліп төлеу арқылы сатып алуға арналған карточка лимитінің мөлшері 50 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін белгіленген.
Оны алу үшін минималды жалақыңыз 50 000 теңгеден кем емес, қарызды толық өтеу күні сіздің жасыңыз 21-ден 58-ге дейінгі аралықта (егер ер адам болсаңыз, 63 жасқа дейін) болу керек. Сондай-ақ, жұмыс өтіліңіз 6 айдан кем болмауы шарт.
Кездесу соңында мекеме қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.