Балқаш ауданында 2 жергілікті тұрғын ұсталды

285

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Браконьер» іс-шарасы барысында өңірде табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзудың 67 фактісі анықталды, оның 6 фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру барысында төрт күн ішінде мемлекетке келтірілген материалдық шығын көлемі 11 миллион теңгеден асты. Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, қараша айының 9-13 күндері елімізде «Браконьер» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, «Охотзоопром» ӨБ» республикалық кәсіпорны және табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесе отырып өңірде ауқымда рейдтер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Балқаш ауданында 2 жергілікті тұрғын ұсталды. Олар электр тоғын өндіретін генераторды және моторлы қайықты пайдалана отырып 151 кг балықты заңсыз аулаған. Яғни, мемлекетке 500 мың теңгеге жуық материалдық шығын келтірген. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексті 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — деді облыстық Табиғат қорғау полициясы бөлімшесінің бастығы Ерлан Қужақов. Өз кезегінде, тәртіп сақшылары заң талаптарын білмегендік азаматтарды қандай да бір жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.