Аймақ басшысы облыстық мәслихаттың сессиясына қатысты

82

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов сегізінші шақырылған облыстық мәслихатының кезектен тыс үшінші сессиясына қатысты.

Сессияның күн тәртібінде Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің есебі, Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы атағын беру Қағидалары туралы, Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 40-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы, Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 9 желтоқсандағы №19-4 шешімін жою туралы мәселелер қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Дәмеш Ускумбаева баяндама жасады. Оның айтуынша, ағымдағы жылғы қаңтар-мамыр айлары аралығында 8 балабақшаға, 55 мектепке және 32 колледжге мемлекеттік аттестаттау жүргізілген. Нәтижесінде 2 балабақша, 3 мектеп, 5 колледж алғашқы аттестаттаудан өтсе, аттестатталмаған 19 мектеп және 27 колледжге әдістемелік көмек беріліп, кемшіліктер жойылған.

Аттестаттау жүргізілген білім беру ұйымдарында жұмыстық оқу жоспарының үлгілік оқу жоспарына сәйкес келмеуі, білім алушылардың тестілеуден төмен нәтиже көрсетуі, «Күнделік» электронды журналының дұрыс және уақытында толтырылмауы, пән мұғалімдерінің қойылған бағаны жиі өзгертуі, үйден оқытылатын балалардың құжаттары талапқа сәйкес рәсімделмеуі, сағаттардың дұрыс бөлінбеуі, мектепалды даярлық топтары мен шағын орталықтар жұмысының бақылаудан тыс қалуы секілді кемшіліктер анықталған.

Өз кезегінде халық қалаулылары сауалдарын жолдап, ұсыныстарын ортаға салды.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.