Айбары асқақ Ата Заң

53
Бүгін 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Тұңғыш Президент саябағында «Айбары асқақ Ата Заң» мерекелік іс-шара өтті.
Шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қатысып, ізгі тілегін жеткізді.
– 30 тамыз – Қазақстан халқы тарихи таңдау жасап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басқан ұлы күн. Осы күні қабылданған Ата Заңымыз тәуелсіз мемлекетіміздің іргесін нықтап, шаңырағын биіктетті.
Бүгінде Ата Заңымыз жаңа Қазақстан жетістіктерінің берік кепіліне айналды. Тиімді құқықтық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткізіп, елімізде тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қалыптастырдық.
Конституция мемлекеттік егемендігімізді, билік пен қоғам құрылымының демократиялық қағидаттарын нығайтып қана қоймай, еліміздің одан әрі дамуының бағытын айқындап берді, — деген шаһар басшысы еңбегімен еленген бірқатар азаматқа Жамбыл облысы және Тараз қаласы әкімдерінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыстады.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.