«Аяп кеттім ғой». Италиялықтар қазының дәміне баға берді

116

Италиялықтар қазының дәмін татып, баға берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео TikTok-та пайда болды.

«Дегустацияны Тиволи тумасы (Римдегі провинция), қазақстандық қызға үйленген, төрт жылдан бері Алматыда тұратын Марко Валерио жүргізді», — делінген жазбада.

Видео авторы жергілікті италиялықтарға қазы ұсынып, баға беруін сұрайды.

«Өте дәмді, 10-нан 9»

«Керемет, 10-нан 10»

«Расымен, өте дәмді. Қазақстаннан бар жақсыны әкелген екен. Жаядан да дәмді екен, 10-нан 8»

«Дәмді екен, 10-нан 7», — дейді италиялықтар.

Желі қолданушылары бұл видеоға қатысты түрлі пікір жазған.

«Оларды аяп кеттім ғой. Егер видео авторы болмағанда қазының дәмін көрмей кететін еді»

«Қазының неден жасалатынын айттың ба?»

«Мына видеоны түнгі 3-те көріп жатып қазы жегім келіп кетті ғой»

«Қазыны ұнатпайтын адам жоқ деп ойлаймын»

«Қаншама қазыны италиялықтар жеп қойды», — дейді Желі қолданушылары.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина

https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/89597/

Leave A Reply

Your email address will not be published.