Көздің түсіне қарап, адамның мінезін білуге бола ма?

273

Психологтар адам көзінің түсі мінезінен біраз хабар беретініне сенімді. Адамның бет-әлпеті бойынша мінезін, ерекшеліктерін анықтайтын ғылым – физиогномика деп аталады.

Физиогномика саласындағы зерттеулерге сәйкес, көзі көк адамдар көбіне шығармашыл, сезімтал, мінезі құбылмалы тұрақсыздау болады екен. Олар бір қарағанда алып-ұшып қуанып отырса, бірер сәттен кейін қайғыға салынып кетуі мүмкін.

Сұр түсті көзді адамдар салмақты, өте шыдамды, ұстамды, әрі еңбекқор болады. Психологтардың айтуынша, оларға кез-келген уақытта сенуге болады, өйткені көздері сұр түсті адамдар өте адал болады.

Көздері жасыл жандар шешім қабылдауда батыл, әрекетшіл және басқалардың көңілін бірден табады. Шаруаға ұқыпты болғандықтан, шығармашылықпен де, жетекшілік қызметпен де айналыса алады.

Көздері қоңыр түсті адамдар қте ашық, адамдармен тез араласып кетеді, әзіл-қалжыңға жақын болып келеді. Тез ашуланып, тез қайтады. Кейбіреулері бірбеткей, қырсықтау болуы да мүмкін.

Көздері қара түсті жандар табиғатынан көшбасшы, көптің көз алдында жүргенді ұнатады. Харизмасымен айналасындағыларды баурап алады, өмірге құштар болады. Мақсатына жету үшін кез-келген амал-тәсілді пайдаланып, әр мүмкіндікті қалт жібермейді.

https://massaget.kz/qa/2279

Leave A Reply

Your email address will not be published.