Автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 12 адам қаза тапты

114
Мысырдың Қызыл теңіз жағалауында автобус пен жүк көлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 12 адам қаза тапты, 30 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, автобус пен жүк көлігі жексенбіде таңғы уақытта Қызыл теңіз провинциясының Рас-Гариб және Заафарана қалаларының арасындағы 40-шақырымда соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 12 адам қаза тапты, 30 адам жарақат алды, — деді денсаулық сақтау саласының мамандары.

Автобустың бір жанында Efars trav деп жазылған, соған қарағанда бұл туристік автобус болуы мүмкін. Әзірге көлікте қай елдің азаматтары болғаны беймәлім.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/avtobus-pen-zhuk-koligi-soqtygysyp-12-adam-qaza-tapty-292330/

Leave A Reply

Your email address will not be published.