Ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті

91
Жамбыл облысы әкімінің азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында берген хаттамалық тапсырмасына сәйкес, орталық базарда апта сайын ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өткізіліп келеді.
Бүгін ауқымды жәрмеңке Жаңатас қаласының Орталық алаңында өтті.
Жәрмеңкеге Түркістан облысының Қарабұлақ ауылынан, Сарыағаш ауданынан, Жамбыл облысының Жамбыл, Байзақ аудандарынан шаруалар келіп, тауарларын ұсынды. Сонымен, қатар аудан кәсіпкерлері, Түркістан, Игілік, Жаңаталап ауылдарының шаруалары өз өнімдерін ұсынды.
Жәрмеңкеге келген тұрғындардың қарасы көп болды.
Жәрмеңкені аудан әкімі Сәкен Мамытов арнайы аралап, көріп шаруалармен тілдесті. Шаруаларға өз өнімдерін егістіктен тікелей халыққа ұсыну үшін осындай жәрмеңкелер өткізудің маңыздылығын айтты.
Жәрмеңкеде ауыл шаруашылық өнімдері дүкен бағасынан 10-15 пайыз төмен сатылса, біздің ауылдық округтердің егістіктен әкелген қауын-қарбыздары 35-40 пайызға дейін төмен бағада ұсынылды.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.