ТАРТЫСҚА ТОЛЫ ДОП ДОДАСЫ

66
Бүгін Белбасар ауылында Қазақ КСР еңбек сіңірген заңгері, КСРО прокуратурасының Құрметті қызметкері, Меркі және Шу аудандарының Құрметті азаматы, ҰОС ардагері, көптеген медаль мен ордендердің иесі Сауранбаев Оспан Хатиұлын еске алуға арналған құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында футзалдан жарыс ұйымдастырылды.
Конституция күніне орай өткен доп додасында аудандық және көлік прокуратура командасы, аудандық және желілік полиция бөлімі, күзет полициясы, төтенше жағдайлар бөлімі, округ әкімдері, аудан әкімінің аппараты мен ардагерлер командалары өзара бақ сынады.
Салтанатты шарада белгілі меценат Болат Сауранбаев, мемлекеттік қызмет ардагері Қасымхан Төлендиев, аудан прокуроры Қайыржан Қуатбековтермен бірге жарыстың ашылуымен құттықтадық. Сонымен қатар «Qyzylha zher» ЖШС директоры Алёна Лобанкова да ізгі тілегімен бөлісті.
Тартысқа толы ойында Шу станциясындағы желілік полиция бөлімі жеңімпаз атанып, бірінші орынға ие болса, аудан әкімі аппараты екінші орынды иеленді. Ал үздік үштікті шулық құтқарушылар түйіндеді. Сонымен қатар, ардагерлер командасы жеңіске деген құштарлығы үшін марапатталды.
Жарыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан тағайындалған қаржылай жүлде мен медальдар, арнайы кубоктар табыс етілді. Ұйымдастырушылар ауданда алғаш рет өткізіліп тұрған доданы дәстүрге айналдыру туралы ұсыныс айтып, келешекте облыстық жарыс етуді жоспарлап отыр. Бұл ұсынысты біз әрдайым қолдауға дайын екендігімізді жеткіздік.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.