Аула клубы – тәрбие мекені

491

Қазіргі таңда баланың қызығушылығына септігін тигізіп, икеміне қарай жаңа қырынан танылуына, өмірлік жолын анықтауда аула клубтарының маңызы зор.Аула клуб дегеніміз — жастар мен жасөспірім, сондай-ақ, балаларға арналған мектептен тыс уақытта мәдени тәрбие мен қосымша әртүрлі саладағы үйірмелерге баулайтын тәрбие беретін ұйым түрі. Бұл ұйым түрі балалардың болашақта жан-жақты, білімді, мәдениетті, ең бастысы көрегенді әрі тәрбиелі боп қалыптасуына өз оңды ықпалын тигізеді. Клубта балалар тек қана жан-жақты үйреніп қана қоймай рухани да дем алып қалады және қоғамдық шараларға өз үлестерін қосады.

Аула клубтың мақсаты – оқушылардың мектептен тыс өмірін тиімді пайдаланып, өздері оқып жүрген пәндерін тереңдетіп оқыту жалпы баланы жан-жақты дамытып, бейімін жетілдіру болып табылады. Өйткені, өз ортасында жүрген баланың жауапкершілігі артады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, бала бойында жасырынып, ашылмай жатқан түрлі өнердің ұшқынын жарқырата көрсету, сол бір бұлақтан үлкен сарқырама жасау. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: – ХХІ ғасыр мәдениеттің, ғылым мен ақыл-ой бәсекесінің ғасыры болмақ, – деп айтып өткеніндей, «Арай» аула клубында балалар мен жасөспірімдерді жан-жақты білімді, бәсекелестікке қабілетті етіп дамыту, қызықты көпшілік-мәдени, қоғамдық шараларға тарту арқылы белсенділігін арттыру жұмыстары қолға алынған.

«Арай» аула клубында тоғызқұмалақ, шебер қолдар т.б. бірқатар үйірмелер бар. Барлық үйірмелерге қатысу тегін. Үйірмеге келетін балалардың 7 мен 18 жастағы аралықты қамтиды. Сондықтан да мұнда оқушылар жылдан-жылға көбейіп келеді.Алдағы уақытта үйірмелер саны сұранысқа ие үйірмелермен толығады деп жоспарлануда.Өткізілетін іс-шаралар балаларға нақты, қызық көрінетін нәтижесі бар жаңалыққа толы болуы маңызды. Аула клубқа қатысатын балалардың шығармашылық қабілеті артып, ішкі сұраныстары қанағаттандырылады. Аула клубта балалар үшін барлық керекті заттар қамтылған. Аула клубының үйірме жұмыстары қыркүйек айының 15-нен мамыр айының 25-не дейін. Жазғы уақытта екі ай жазғы сауықтыру лагері есебінде жұмыс жасайды.

Әлия Әлиқызы,

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.