АУДАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОБЫЗШЫЛАР БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

84
Қобыз сарыны! Оның құдіреті мүлде бөлек. Ол-бағзы заман әуенінің мол сақталған сарқынды қоры.
Қыл қобыздың шебері Ықылас Дүкенұлы қазақтың ұлттық аспапты музыкасының ең көрнекті өкілдерінің бірі. Ол қобызда тұңғыш рет ұлттық саз дәстүрін орнықтырушы.
Бүгін атақты қобызшы Ықылас Дүкенұлының 180 жылдық мерейтойына орай, Саудакент ауылындағы мәдениет үйінде «Жезкиік» Республикалық қобызшылар байқауы басталды.
Мәдениет үйінің алдына жиналған көпшілік ыстық нан мен қымыз, шұбаттан дәм татып, Ы. Дүкенұлы атындағы саз мектебі оркестрінің орындауындағы Ықыластың «Кертолғау» күйін тыңдады.
Бұдан кейін мәдениет үйінде орналасқан сурет көрмесін аралап көрген көпшілік байқауды тамашалады.
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 11 қобызшы келіп қатысып жатыр.
Байқауға елімізге танымал қазақтың ұлттық аспапты музыкасының көрнекті өкілдері атап айтқанда, Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі-солисі, өнертану кандидаты, ҚР Мәдениет саласының үздігі, РҚБ “ Күйшілер одағы” Атырау облысы филиалының жетекшісі Ықылас бабаның төте дәстүрлі мектебін жалғастырушы-ұстаз — АҚНАР ТӘТТІБАЙҚЫЗЫ, «ҚР білім беру ісінің үздігі», «ҚСРО мәдениет үздігі», «ҚР Білім және Ғылым министрлігінің құрметті қызметкері» — ӘБДІМАНАП ЖҰМАБЕКОВ, қобызшы, Ықылас Дүкенұлының ұрпағы — НҰРЛАН ЕСМАХАНОВ, күйші-бақсы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт мемлекеттік концерттік ұйымның солисі, Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің (ҚазҰӨУ) доценті РАУШАН ОРАЗБАЕВА, Астана қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрінің әртісі-солисі, қобыз тобының концертмейстері, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «ҚҰРМЕТ » орденінің кавалері иегері, күйші, композитор ЖАНАР ЖҮСІПОВА, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі АИДА СМАҒҰЛОВА және Саудакент ауылдық Ы.Дүкенұлы атындағы саз мектебінің директоры АЙГҮЛ МИЗЕНБАЕВА әділқазылық етуде.

 

 

Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.