КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР РЕТ-РЕТІМЕН ШЕШІЛЕТІН БОЛАДЫ

49
Бүгін аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков пен аудан прокуроры Қайыржан Қуатбеков аудан орталығы Төле би ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауылдағы ахуалды талқылады. Жиырма мыңға жуық халқы бар ауылдағы ағайын ең алдымен газдандыру мен жолға, балаларға арналған ойын алаңшалары мен саябақты жаңғыртуға қатысты түйткілдерді көтеріп, аталмыш мәселенің өзектілігіне тоқталды.
Бұдан бөлек, аудан орталығындағы “Amanat” партиясының ғимаратында өткен басқосуда ауыл ақсақалдары жарықтандыру мен тозығы жеткен бағаналарды ретке келтіру мәселесін де көтерді. Оған қоса, тұрғындардың көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді.
Ал, М.Әуезов атындағы білім ошағында өткен кездесуде орталық тұрғындары қоғамдық көлік пен аялдамаларға қатысты өтініш-тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, төлебиліктер көше жолдарын күтіп ұстау туралы ұсыныстарын білдірді. Тұтастай алғанда, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер жан-жақты зерделенетін болады.

 

Шу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.