АУДАНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНУДА

93
Тарихи тамырын тереңнен тартқан, барша түркі жұртына ортақ Наурыз мейрамы − ырыс пен ынтымақтың, тоқшылық пен татулықтың, береке мен бірліктің мерекесі.
Бүгін ауданда Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мейрамы кең көлемде тойлануда.
Жаңатас қаласы және барлық ауылдық округтердегі мерекелік шараларға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, сондай-ақ, аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысып, құттықтауда.
Ауылдық округтердегі мерекелік шарада концерттік бағдарламалар, театрландырылған қойылымдар көпшілік назарына ұсынылып, ұлттық спорт түрінен жарыстар мерекенің көркін қыздырып жатыр.
Абыз ақсақалдардан бата алған ағайын Наурыз көжеден дәм татып, жаңа жылдың жақсылығын тілеп, ақжарма тілектерін арнауда.
Күн мен түн теңесіп, табиғат түрленіп, бүкіл тіршілік атаулы оянатын әз-Наурызды сарысулықтар көтеріңкі көңіл-күймен тойлап жатыр.

Сарысу ауданы әкімдігі 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.