Ауданда қызылшаға қарсы жаппай иммундау жүргізілуде

80
Ағымдағы жылы қызылша мен барлығы -84 жағдай тіркелді. Балалар – 63 жағдай, ересектер- 21 жағдай. Жақын қарым қатынаста болған тұрғындар-374 жағдай. Шағымдары жоқ, күнделікті бақылануда.
Жоспарға сәйкес Сарысу ауданы бойынша 6 ай мен 11 ай аралығындағы балаларға жаппай қосымша иммундау жүргізілуде.
Жоспарланған бала саны (6 ай мен 11 ай аралығы) -403 бала
Екпе алғаны-201 бала
Екпеден бас тартқаны -26
Уақытша медициналық қарсы көрсетілімі бар балалар-63
Уақытша ауданнан тыс өңірлерде-5 бала
Қазіргі таңда 6 айдан 11 айға дейінгі, 2-3-4 жас аралығындағы балалар, вакцинация статусына қарамастан қызылшаға қарсы 1 екпелерін алуда.
Тәуекел топтағы егілмеген медицина қызметкерлері қызылшаға қарсы екпелерін толық алды.
Орталық ауруханаға қараша айының басында қызылшаға қарсы 600 доза екпе келді. Екпе — Үндістанда өндірілген ККП (қызылша – қызамық — паротит) екпесімен жүргізіледі.
Ата-аналар арасында аудан халқы арасында ақпараттық ағарту, эпидемиологиялық санитарлық ағарту жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Иммундаудың жас кезеңдерін: сәби кезеңі, жасөспірімдік жас, ержеткен шақ және егде жас кезеңдерін есепке ала отырып, иммундаудың қауіпсіздігі және маңыздылығын насихаттау бойынша халықпен және екпеден бас тартқан 26 баланың ата-аналарымен кездесулер ұйымдастырылды. 26 баланы, оның ішінде жас ата-аналармен емхана бөлімінде дөнгелек үстелдер ұйымдастырылды, медицина қызметкерлері үшін, оқыту, үйрету семинарлық сабақтары өткізілуде.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.