АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ

74
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңестің алдында аудан активіне жаңадан тағайындалған ауданның бас имамы Айбек Каримбаев таныстырылды.
Одан кейін аудан мәдениетінің дамуына қосып келе жатқан елеулі еңбегі үшін мәдениет үйінің қызметкері Күләш Байтұрсынова «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірінші «Аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Е. Имшев хабарлама жасады.
2023 жылдың 24 қарашаға Сарысу ауданы бюджетінің (Төртінші деңгеймен қоса) кірістер бөлігінің жоспары 10761,8 млн. теңге болса, нақты түскені 11534,6 млн. теңге, орындалу көрсеткіші 107,2 пайызды құрады.
Оның ішінде:
Бюджетке түсетін салықтық түсімдер 137,8 пайызға орындалды.
Салықтық емес түсімдер жоспары 138,4 пайызға қамтамасыз етіліп, 9,1 млн. теңге артығымен түсті. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша 86,5 млн.теңге артық түсті. Жалпы кірістер бойынша өткен жылмен салыстырғанда өсім бар. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 707,0 млн.теңгеге, яғни өсім 135,3 пайызға артқан. Сарысу ауданы бюджетінің шығындары бойынша жоспардағы
15110,2 млн. теңгенің 13624,4 млн. теңгесі 2023 жылғы 24 қарашасына игеріліп 90,2 пайыз құрап отыр.
Күн тәртібінде «Қызылшаға қарсы екпе егу жұмыстарының жүргізілуі туралы»» екінші мәселе қаралды.
Бұл мәселеге байланысты аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Қанат Сәтов баяндады.
Ауданымыздағы эпидемиологиялық жағдай, ағымдағы жылы қызылша мен барлығы -84 жағдай тіркелді. Балалар – 63 жағдай, ересектер- 21 жағдай. Жақын қарым қатынаста болған тұрғындар-374 жағдай. Шағымдары жоқ, күнделікті бақылануда. Жоспарға сәйкес, Сарысу ауданы бойынша 6 ай мен 11 ай аралығындағы балаларға жаппай қосымша иммундау жүргізілуде.
Жоспарланған бала саны (6 ай мен 11 ай аралығы) -403 бала, екпе алғаны-201 бала, Екпеден бас тартқаны -26, Уақытша медициналық қарсы көрсетілімі бар балалар-63, Уақытша ауданнан тыс өңірлерде-5 бала.
Қазіргі таңда 6 айдан 11 айға дейінгі, 2-3-4 жас аралығындағы балалар, вакцинация статусына қарамастан қызылшаға қарсы 1 екпелерін алуда. Тәуекел топтағы егілмеген медицина қызметкерлері қызылшаға қарсы екпелерін толық алды.
Орталық ауруханаға қараша айының басында қызылшаға қарсы 600 доза екпе келді. Екпе — Үндістанда өндірілген ККП (қызылша – қызамық — паротит) екпесімен жүргізіледі.
Қазіргі таңда, әр аймақтық дәрігерлер тарапынан екпеден бастартқан балалардың ата-анасының тізімдері беріліп, санитарлық ағарту жұмыстары жасалуда. Аталған іс-шара орындалуы үнемі бақылануда және мониторинг жүргізіп, аудан әкімдігіне тұрақты мәлімет ұсынылып отыратын болады.
Сонымен қатар, аппараттық кеңесте қосымша мәселелер қаралды. «Жаңатас қаласының көше жарықтарын инспекторлық зерделеу қорытындысы туралы» аудан әкім аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы З. Сейдалиев және «Жастар ресурстық орталығының атқарған жұмыстары туралы» «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры А. Пазылбеков атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлама жасады.
Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша сала басшылары мен жауапты мамандарды тыңдаған аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы анықталған кемшіліктерді тез арада қалыпқа келтіруді тапсырып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берді.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.