Тазалық – денсаулық кепілі

201
«Жасыл Ел-Тараз» қызметкерлері күн сайын арық- атыздардағы қоқыс қалдықтарын тазалап, санитарлық-тазалық талаптарын сақтауға үлес қосып келеді. Көшедегі шашылған қалдықтар мен сынған тал-дарақтарды да тазалап, арнайы орынға тасымалдайды.
Қала тазалығы қашанда басты назарда. Әр тұрғын өз ауласының ғана тазалығын сақтамай, қоғамдық орындар мен көпшілік жерлерде де санитарлық талапты сақтауға міндетті. Тазалық әркімнің өзінен басталады. Сондықтан ортақ жұмысты жұмыла жасауға атсалысайық.

 

Тараз қаласының әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.