АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ

357
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауда әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу, уақытша үй-жаймен қамтамасыз ету, мемлекет тарапынан бөлінетін грантқа қатысты және өзге де жеке мәселелер бойынша тұрғындар болды.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Сәкен Үмбетұлы барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын айтып, заңға сәйкес шешілу жолдарын түсіндірді.
Бірқатар мәселелерді жан-жақты зерделеп, жұмыс жүргізу үшін жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.