АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

251
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Әлихан Балқыбеков аудан азаматтарын жеке мәселелері бойынша  қабылдады. Қабылдауда ауданның 7 азаматы  өтініштерін білдіріп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына  ықпал жасауды сұрады. Қоғамдық қабылдауға келгендердің дені баспана мәселесін алға тартса, медицина, үй және әлеуметтік мәселесімен жүгінді.
Қабылдауға келген  әр азаматты зейін сала тыңдаған аудан әкімі Әлихан Балқыбеков айтылған  өтініштерінің барлығына заң талаптарына сай нақты, толық жауаптар қайтарып, кейбір сұрақтар бойынша аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне тапсырмалар берді.
Сондай-ақ өз өтініштерімен келген 7 азаматтың ұсыныстары аяқсыз қалмайтынына сенім білдірді.
Қабылдауға аудан әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің басшысы Л.Қасымхан, аудан әкімдігінің тиісті бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Мойынқұм ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.