Ішкі істер органдарына қылмыс жасаған адамдарға қатысты заңға сəйкес тиісті жазаларды уақыттында жəне толық көлемде қолдану, дағдарыстар кезінде пайда болған құқық бұзушылық жағдайлардың жолын кесу бойынша өте күрделі жауаптар жүктелген. Бұл ретте, Ішкі істер органдары қызметкерлерінің күнделекті қызмет бабында атыс дайындығын қарастыру кезінде оларға табелдік қаруды жəне белгілі бір жағдайларда оны қолдану құқығын бере отырып, мемлекет олардан еліміздің жəне азаматтардың заңды мүдделерін қорғауды жүктеген.
Бұл ретте қызметкерлерінің атыс қаруын сапалы игеруі қызмет бабында төнген қауіп пен төтенше жағдайлар кезінде алдына қойылған міндеттерді сапалы орындауының бірден-бір кепілі.
Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде жеке құрам қызметкерлеріне атыс қаруын дұрыс қолдануға байланысты дайындық сабақтары өткізілді. Сабақты мекеменің кадр саясаты бөлімінің аға инспекторы, әділет лейтенанты Мұрат Игембай өткізді.
Сабақ барысында жеке құрамға қаруды дұрыс қолдану, атыс қаруының заңдылықық классификациясы, атыс қаруын қолданудағы қауіпсіздік шаралары, қарудың ұрыстық қасиеттері мен қолдану ережелері, күтімі және сақтаудың негізгі жолдары үйретілді.