Атырауда қауіпті қалдықтарды заңсыз сақтаған «Жылыой Болашақ» компаниясына миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды

82

Фото: Бейнеден алынды

«Жылыой болашақ» серіктестігіне қатысты сот ісін облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы қозғады. 2022 жылдан бері кәсіпорын рұқсатсыз 477 тонна қауіпті қалдықтарды сақтаған. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

«Прокуратура Экология департаментіне заң бұзушылықты жою туралы өтініш берді. Олар компанияның үстінен талап-арыз түсірді. Іс Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды. Осы факті бойынша  «Жылыой болашақ» ЖШС-не 923 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды», — деді мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының прокуроры Еркебұлан Ермеков

https://stan.kz/atirauda-kauipti-kaldiktardi-zansiz-saktagan-zhilioy-bo-389653/

Leave A Reply

Your email address will not be published.