Ақтөбеде немересі ата-әжесін үйінен қуып шығу үшін сотқа шағымданған

73

Фото: freepik.com

Іс материалдарына сәйкес, 30 жыл бұрын ерлі-зайыптылар ортақ үй салған. Балалары мен немерелерін сол үйде өсірген. Қызының сұрауы бойынша зейнеткерлер немересіне үйдегі үлестерін берген екен. Зейнеткерлер әлі күнге сол үйде тұрып, коммуналдық төлемдер мен мүлік салығын төлеуді жалғастыруда.

«Отбасылық жанжалға байланысты немересі әжесі мен атасын отбасының барлық мүшелері бірге тұратын үйден шығару үшін сотқа арызданған. Ол өз талаптарын үйдің заңды және жалғыз иесі екендігіне негіздеген», – делінген облыстық сот хабарламасында.

Бірінші сатыдағы сот зейнеткерді үйінен шығару туралы шешім шығарды. Бірақ апелляциялық алқа шешімді өзгертті.

«Зейнеткер есту қабілетінің ауыр дәрежесімен, созылмалы аурумен ауырады, оның жасы ұлғайғанын, талапкер мен оның арасындағы отбасылық қарым-қатынасын, даулы тұрғын үйде ұзақ уақыт тұруын ескере отырып, парасаттылық пен әділеттілік критерийлерін ескере отырып, әжені үйден шығарудан бас тарту туралы шешім шығарылды», – делінген қаулыда. Сот шешімі заңды күшіне енді.

https://stan.kz/aktobede-nemeresi-ata-azhesin-uyinen-kuip-shigu-ushin-s-389652/

Leave A Reply

Your email address will not be published.