Атырауда алып бала дүниеге келді

797

Атырау облысының перинаталдық орталығында салмағы 5 келі 700 грамм, бойы 64 сантиметр болатын алып бала өмірге келді деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ана мен баланың жағдайы жақсы.

Сәбидің салмағы ірі болған соң анасына кесарь тілігі жасалған. Алып нәресте отбасындағы төртінші бала екен.

Айта кетсек, алып баланың өмірге келу дерегі жыл басынан бері облыс бойынша бірінші рет тіркелді.

Медицина заңдылығына сәйкес, ұрық салмағы 4 келіден асса «ірі», ал 5 келіден асса «алып» саналады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.